РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРМЕН ЖҮРЕТІН ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚОЙЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік құзырлы органдар мен автомобиль тасымалдаушы мекемелердің өкілдеріне арнап мәжіліс өткізді, деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Өткен жылы заң талаптарын сақтамаған 847 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Заңбұзушылықтардың ішінде инертті материал тасымалын жүзеге асыратын карьер автокөліктерінің белгіленген салмақтық параметрлерін сақтамауы жиі кездеседі.
Көктем кезінде жолдардың жамылғысы артық салмақ түскеннен тез бұзылады. Осыған орай наурыз-сәуір аралығында республикалық маңызы бар жолдармен жүретін жүк көліктеріне шектеулер енгізілмек. Бірақ мұның дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратындарға қатысы жоқ.
Алдағы уақытта көліктік бақылау бекеттеріне тоқтамаған карьер автокөліктері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.