БИЫЛ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АЙМАҒЫНДА АГРАРЛАҚ ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Биыл Қазақстанның әр аймағында Аграрлық құзырет орталығы ашылады. Орталық қызметкерлері аграрлық бизнесті ұйымдастырудың жолодарын үйретумен айналысатан болады. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметі мәлімдеді.
Осы мақсатта Ұлттық палата мен "АЛМЭКС" компаниялар тобының арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум қабылданды.
«Орталықта жылыжай құрылысын, техникаларды қолдануды жақсы білетін арнайы мамандар кеңес беретін болады. Несиелік тарих бойынша бізде ешқандай шектеулер жоқ. Біз бизнесті жаңа бастауға бел буғандар үшін де, кәсібін кеңейтемін деушілерге де қаржылай қолдау білдіреміз»,- деді ҰКП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, «АЛМЭКС» холдингтік топ басқармасының төрғасы Мәжит Есенбаевтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған микронесиелік ұйымдар қазіргі таңда теңге өтемділігіне байланысты бірқатар қиындықтарға тап болып отыр.
«Шағын және орта кәсіпкерлік үшін 45-50 пайыздық мөлшерлеме тым ауыр. Осыған орай 14 пайызбен несиелік ресурстар бөліп отырған «Даму микро» ұйымы өте жақсы жұмыс істеп келеді. Олармен бәсекелес болғымыз жоқ. Керісінше, микронесиелік жүйені барынша қолдап отырмыз. Микронесиелік ұйымдардың мәселесін шешетін осындай дүниелер бар»,- деді М.Есенбаев.