ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әкімдіктің мәжіліс залында халық қалаулыларының басын қосты. Аймақ басшысы төртжылдық қызметтерінде облыстың өркендеп-дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өткір ойлары мен салмақты идеяларын ортаға салған депутаттарға өз ризашылығын білдірді, - деп жазады «Сыр бойы» газеті.
– 2013 жылдан бері сіздермен бірлесе жұмыс жасап келеміз. Осы уақыт аралығында аймақта атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктеріміз ортақ еңбектің жемісі деп білемін. "Айна – айна емес, халық айна”. Ал елдің атқарылған істерге берген бағасы, ықыласы ерекше. Сондықтан бірге жұмыс атқарған бұл жылдар біз үшін табысты болды деп айта аламыз. Осы уақыт аралығында аймақтың қай саласын алсаңыз да өрлеу, алға жылжу байқалады. Құрылыс та қарқынмен дамып келеді. Жүйелі жүзеге асырылған бұл жоспарларда сіздердің де қолтаңбаларыңыз бар. Сараптап қарасақ, осы шақырылым барысында 478 депутаттық сауал жолданыпты. Оның 84 пайызы өз шешімін тапқан. Ал 16 пайызы маңызды стратегиялық жобалар. Сондықтан да Сыр елінің жасарып, жаңаруына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.
Бесінші шақырылымның депутаттары да лебіздерін жеткізді.
– 2012 жылы 29 депутат сайланған болатынбыз. Оның 14-і бұрын да мәслихат мінберінен көрініп жүрген азаматтар еді. Біз ауызбіршілікпен бұрыннан келе жатқан команда секілді үйлесімді жұмыс жасап кеттік. Оның дәлелі сіз біз жолдаған әрбір депутаттық сауалымызды аяқсыз қалдырмай, шешілуіне атсалысып отырдыңыз. Мәселен өзім Талдыарал ауылындағы апатты мектептің жайын жеткіздім. Сіз ізін суытпай сонда барып, небәрі үш айда жаңа білім ордасы тұрғызылды. Сонымен қатар осындай қысқа мерзімде Махамбетов ауылының тұрғындары да жаңа емханада емделу мүмкіндігіне қол жеткізді, – деген Нұрмұрат Ерманов депутаттар атынан аймақ басшысына ризашылығын жеткізді.
Жиын соңындааймақ басшысы халық қалаулыларына түрлі министрліктердің арнайы төсбелгілері мен құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыс етті.