МИНИСТР АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Кеше Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов облыс әкімдігі жанындағы ахуалдық орталық және жергілікті полиция жұмысымен танысты.
Жергілікті полиция қызметімен танысу барысында министрге Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлімшелердің соңғы 3 жылда жергілікті бюджет қаражатынан алынған өрт сөндіру автотехникалары көрсетілді. Департамен бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов департаментке қарасты бөлімшелердің жабдықталуы туралы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының техникалық мүмкіншіліктері жөнінде баяндады, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайларды жою кезінде қолданатын арнайы құрал-жабдықтарды сипаттап берді. Іссапар барысында техникалық қамтамасыз ету деңгейін бұдан әрі көтеру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Жұмыс сапарының соңында Ішкі істер министрі облыстық ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына облыс аумағындағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағытында нақты міндеттер жүктеді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы