ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ 4 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен бірге Қызылорда облысында шағын бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
- «Өз бетінше жұмыс істейтін», ашығын айтқанда жұмысы жоқ азаматтарды кәсіппен айналысуға тартуға күш саламыз. Бірақ бөлінген қаражатты орнымен пайдалануға бақылау күшейтіледі. Ақшаны басқа мақсатқа жұмсап қойған алушылар тізімі арнайы кредиттік бюроға жолданады. Ондай адам бұдан былай Қазақстанда ешбір банктен несие ала алмайды. Осыны тағы бір ескерту қажет. Ал, алған ақшасын қайтарған адамға одан да ірі көлемде несие беріледі. Меніңше әділетті шешім, - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде.
Кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде «Аймақтық инвестициялық орталық» (РИЦ) құрылды. Бұл орталықтың міндеті, әсіресе, ауылдық жердегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасау. Аталған орталықтың биылғы қызметіне 360 млн. теңге қаржы қаралған.
Одан басқа «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» «Аймақтық инвестициялық орталық» құруға ортақтасып, 300 млн. теңге көлемінде қаражат қосады, сондай-ақ қазақстандық ірі банктердің бірі - «Казкоммерцбанк» 100 млн. теңге көлемінде несие бөлуге ынта танытты. Бұған қоса, «Даму» қорының бағдарламаларымен бірге облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінеді, яғни шағын бизнесті несиелендіруге келісім бойынша "Даму” қорынан бұрынғыдан екі есе көп, жинағы 1 млрд. теңге бөлінеді.
Жалпы алғанда, биыл біз шағын бизнесті қаржылай қолдауды 4 есеге арттыруды жоспарладық. 2016 жылы барлық қаржы көздерін қоса есептегенде, шағын бизнес пен кәсіпкерлік бастаманы қолдауға 3,2 миллиард теңге қаржы бағытталады.
Осы жұмысқа «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да атсалысады. Ол тұрмысы төмен ауыл тұрғындарына жеке кәсіп ашуға 50 млн. теңге қайтарымсыз грант бөледі. Сонымен бірге, «Лукойл» компаниясы «Ақниет» бағдарламасы аясында осы көлемде грант бағдарламасын іске асырады.