ЖАҢАҚОРҒАНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ САЛЫНУДА
Жаңақорған ауданындағы «Шалкия» қорғасын-мырыш кен орнын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, тау-кен байыту комбинатын салу жұмыстары басталды. Салтанатты шараға аймақ тұрғындары Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың есеп беру кездесуінде телекөпір арқылы куә болды.
«Шалқия» полиметаллдық кен орнын өнеркәсіптік байыту және тау-кен байыту комбинатының құрылысы үш жылға есептелген. Яғни, 2019 жылы аяқталуы тиіс. Бұл құрылыс аясында қуаты 2 млн. тонна тау-кен байыту комбинатының бірінші кезегі және газотурбиналық электростанциясы салынады. Құрылысқа мыңға жуық адам тартылатын болады. 2018 жылдың І тоқсанында – кен-байыту комбинатының алғашқы кезегін іске қосылады. Сонымен бірге кен орнында гидрометаллургиялық зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жұмыстары басталды.
- Кәсіпорын нарықта сұранысқа ие жаңа өнім түрлерін шығарып, оны ішкі және сыртқы нарыққа сатамыз. Бұл өңір экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Осындай жауапты жұмыста ел сенімін ақтауға бар күш-қуатымызды саламыз деп Сіздерді сендіргім келеді, - дейді «Шалқия Цинк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Болат Рамазанов.
Айта кетейік, бұл жоба индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда.
- Облыстағы металлургия жобаларына зор үміт артатынымызды айттым. Жаңа өздеріңіз көрген "Шалқиядан” бөлек, осы бағытта жасалып жатқан ферроқорытпа зауытының техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары биылғы жылдың алғашқы жартысында аяқталып, кәсіпорын құрылысына дайындық жұмыстарын бастаймыз. Сондай-ақ, «Бала-Сауысқандық» ваннадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасын табады. Бұл жоба бойынша өндірістік-сараптау жұмыстары аяқталып, биыл кәсіпорын құрылысы басталмақ. Жылдың аяғына дейін машина жасау зауыты жобасының құжаттарын дайындауды аяқтаймыз. Қармақшы ауданындағы мұнай терминалының негізінде аз тонналық мұнай өңдейтін кәсіпорын құру жобасының құжаттарын дайындауға кірістік. Биыл аймақта цемент, полипропилен, силикат кірпіші, асфальт бетон өндіретін және су шығаратын зауыттар құрылысын бастау жоспарланған, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.