ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ДА ЫНТАЛЫ
Аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы келісімнің негізінде Жаңақорған ауданына Қытайдан томат пастасын өндіретін зауыт көшіріп әкеп салу мәселесі шешімін тапты. Осы келісімнің негізінде 4 мың гектар жерде тамшылатып суару арқылы томат өсіру жобасы жүзеге асатын болды.
Сондай-ақ, қазіргі таңда қытайлық инвесторлармен Қызылорда қаласында түйе сүтін өңдейтін зауыт салу мәселесі талқылануда.
Шиелі ауданында 13 мың гектар аумақта мақсары және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру жобасын бастау мен өсімдік майын өндіретін зауыт салу жөнінде ирандық инвестормен келісімге қол жеткізілді.
Айта кетейік, агроөнеркәсіпті дамытуға өз кәсіпкерлеріміздің қатысуымен 2016 жылы өндірістік жылыжайлар құру, тамшылатып суару арқылы картоп өсіру, көкөніс және жеміс-жидек сақтау қоймасын салу, күріш өңдеу зауыты, құс фермасын салу секілді бірқатар басқа да жобалар іске асады деп күтілуде.