ҚЫЗЫЛОРДАДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ІІ БЕСЖЫЛДЫҒЫНДА 41 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Қызылорда облысында индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында (2015-2019 жылдар) жалпы құны 467 млрд. теңге құрайтын, 6 мыңдай адамға жұмыс беретін 41 жобаны іске асырылмақ. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.
Өткен жылдың өзінде жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылған болатын. Бұл жобалардың әрқайсының өңір экономикасының дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз. Мәселен, «Жан Арай» серіктестігі үлкен агрокешенге айналады. Кешен аумағында малдың барлық түрін қажетті жеммен қамтамасыз ететін Қызылорда облысындағы алғаш құрама жем комбинаты құрылды. Сонымен бірге, халықаралық талаптарға сай күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Жақын арада ұн тарту комбинаты, макарон және консервілер шығаратын цехтар жұмысын бастайды.
Бірегей жобалардың бірі ретінде РМЗ «Шапағат» үй құрылысы комбинатын ерекше атауға болады. Бұл комбинат тез салынатын үйлер құрылысын кеңейтуге жол ашты. Үлкен көп қабатты үйді комбинат күшімен бар болғаны 3-4 айда бітіруге болады.
Сондай-ақ, өткен жылы «Казэнергосбережение» серіктестігінің инновациялық сипатқа ие «LED жарықтандыру құралдарын шығару» жобасы іске асты. Кәсіпорын электр қуатын 3 есе үнемдеуге мүмкіндік беретін, әрі қызмет мерзімі ұзақ шамдар шығарады. Сонымен бірге, Қызылорда қаласы және Арал ауданында жалпы қуаты 45 миллион дана кірпіш шығаратын екі жаңа кірпіш зауыты ашылды. Биылғы жылдың басында Қызылорда қаласында «Газ Трейд» кәсіпорыны «Газ құю бекетінің құрылысын» аяқтады.
Республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Қазақстанның Инвестициялық қоры» және американдық «StewartEngineers» компаниясы бірлесіп, «Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысын» жалғастыруда. Биылғы жылдың жазында зауыттың техникалық қондырғылары әкеліне бастайды, ал келесі 2017 жылы өндірісті іске қосу жоспарланған.
Арал қаласында "Аралтұз” акционерлік қоғамының бастамасымен кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысы жобасының техника-экономикалық негіздемесі дайындалды. Бұл шыны өндірісіне қажетті тағы бір маңызды компонент.
Жалпы, индустрияландырудың бірінші бес жылдығында (2010-2014 жылдар) іске қосылған 17 өндірістің 14-і 2015 жылы өнім бере бастады.