ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНДІРІСТЕГІ ҮЛЕСІ 3 ЖЫЛДА 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында өткен халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Дағдарысқа қарамастан, қабылданған жан-жақты шаралардың арқасында Қызылорда облысының өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу секторы өсіп отыр. Бұған негізінен азық-түлік, химия және металлургиялық өндірістің артуы септік етті. Сыр еліндегі аталған көрсеткіштің өсімі 2013 жылдан бері тұрақты жалғасып келеді. Оның жалпы өндірістегі үлесі 3 жылда 3 есеге өсті.
Өткен жылы облыста жалпы құны 84,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өңдеу секторындағы инвестиция көлемі 3,4 есеге артты. Бір сөзбен айтқанда, бұл аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің айқын дәлелі.