БАСТЫ КӨРСЕТКІШ – БІЛІМ САПАСЫ
Қызылордадағы дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернатта облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда 2015 жылы атқарылған жұмыстар мен 2016 жылға белгіленген жоспарлар талқыланды, деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
Алқа мәжілісіне облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты. Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев баяндамасында атап өткендей, аймақта бүгінде мектепке дейінгі 693 ұйым (435 балабақша, 258 шағын орталық) жұмыс істейді. Оларда 45947 бала бар.
2015 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балалар толық қамтылды. 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші 45,4 пайыздан 54 пайызға дейін өсті.
Орта білім беру жүйесінде 299 жалпы білім беретін мектеп бар. Былтыр облыс орталығында және Қармақшының Ақай ауылында 3 мектеп пайдалануға берілді. Байқоңыр қаласында 6 мектеп пен балабақша қазақстандық білім стандартына көшті. Оларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 982,2 миллион теңге, биыл 1,5 миллиард теңге бөлінді.
Өткен оқу жылында мектеп түлектері жақсы көрсеткіштерге жетті. ҰБТ нәтижесімен облыстың орташа көрсеткіші 81,7-ні құрап, республикада 13-орыннан 5-орынға көтерілуге мүмкіндік алдық. Түлектердің 48 пайызы отандық және шетелдік оқу орындарының білім гранттарын иеленді. Мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы аясында 1787 жерлесіміз солтүстік аймақтардағы колледждер мен ЖОО-лардың студенттері атанды.