ҚР ОСК БЮЛЛЕТЕНІНІҢ МӘТІНІН БЕКІТІП, ОЛАРДЫҢ ҚОРҒАЛУ ДӘРЕЖЕСІН БЕЛГІЛЕДІ
Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша саяси партияларға және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылданды.
Аталған қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 24 және 37 баптарына сәйкес ҚР ОСК 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны еліміздегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервін қоса алып дайындалған.
Атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 9889075 дана, ҚР мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша 18321969 дана бюллетень басып шығарылады.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітіп, сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесін белгіледі.