ХАЛЫҚ САНЫ 17 671 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАДЫ
2016ж. 1 қаңтарға еліміздегі халық саны 17 671,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10066,7 мың (57%), ауылдықтар – 7604,3 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 253,6 мың адамға немесе 1,46% өсті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-желтоқсанда туылғандар саны 398,6 (2014 жылғы қаңтар- желтоқсанда – 401,1) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,6% аз. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 34% (37%), 28% (27%) және 18% (17%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,72 (23,20) туылғандарды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 131,9 (132,2) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,2% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға 7,52 (7,65) қайтыс болғандарды құрады. 2015ж. қаңтар-желтоқсанда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,1 мың адамға немесе 0,8% азайып, 266,7 (268,8) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,20 (15,55) адамды құрады. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 1 жасқа дейінгі 3 742 (3 943) нәресте өлімі тіркелді. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 5,1% азайды. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1 000 туғандарға шаққанда 9,39 (9,83) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1973 (2156) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 52,7% (54,7%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 798 (820) немесе 21,3% (20,8%), тыныс органдары ауруларынан – 256 (277) немесе 6,8% (7%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 195 (177) немесе 5,2% (4,5%) нәресте қайтыс болды.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,7% кеміп, 16670 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 3,9% көбейіп, 30080 адамды құрады, көші-қонның айырымы -13 410 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 84,4% және 89,8% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 12,3% көбейіп, 455 751 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,9% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (41927 адам) қаласында және Ақмола (3633 адам), Қостанай (1075 адам), Маңғыстау (575 адам), Павлодар (336 адам), Батыс-Қазақстан (184 адам) облыстарында қалыптасты.