2017 ЖЫЛДАН БАСТАП «АЛТЫН САПА» ОНЛАЙН РЕЖИМГЕ АУЫСАДЫ
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауларын өткізудің жаңа ережелерін таныстырды.
Бүгін Астанада өткен брифингте жарияланған мәліметтерге қарағанда, байқауларды өткізу рәсімінің негізгі қағидалары сақталған, бірақ та олар анағұрлым ыңғайлы әрі тиімді және барлық қатысушылар үшін қолжетімді болмақ, - деп жазады «ҚазАқпарат».
«Біріншіден, байқауға қатысушылар мен олар ұсынған құжаттарды, сондай-ақ есептерді бағалау деңгейін арттыру үшін «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысушылар қызметін бағалау жөніндегі сарапшылық реестрі құрылады», - дейді палата өкілдері.
Белгілі болғандай, реестр құрамына ену үшін сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын жасап шығару жоспарда бар. Бұл өз кезегінде байқау қатысушыларын бағалау сапасын арттырмақ.
«Екіншіден, 2017 жылғы байқаудағы рәсімдердің бір бөлігі «Алтын сапа» сайты арқылы онлайн режимге ауыстырылатын болады. Мәселен, өтінімдер беру, байқау құжаттарын ұсыну, сарапшылардың байқау материалдарын бағалауы онлайн түрде жүзеге аспақ», - делінген таратылған мәліметте.
Атап айтқанда, мұндай қызметті іске қосу үшін іс жүзінде сайтты қайта жасап шығу керек. Бұған 4-5 ай уақыт кететіндіктен, биылғы жылы байқау рәсімдері қолданыстағы режімде өтетін болады. 2017 жылға қарай байқаулардың анағұрлым жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ететін сайт пен әдіснама дайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде аталған байқауларға қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. 2016 жылдың ережелері бұрынғы қалпында қалды.