АҚАЙ АУЫЛЫНДА ЭКСТРУДИЯЛЫҚ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛАДЫ
«МеаПрим» ЖШС мемлекеттің қолдауымен Қармақшы ауданының Ақай ауылында экструдиялық тағам өнімдерін шығаратын цехты ашуды көздеп отыр.
Старт-ап-жобаның жүзеге асуы үшін бастауыш кәсіпкер Виктор Павлов «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеуде. «Даму» қоры жоба құнының 85%-ына кепілдік береді. Несие қаражатына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынады.
Бизнесменнің сөзінше, жыл өткен сайын аталған тамақ өнімдеріне сұраныс артуда. Себебі өнім етті лайықты алмастырушы ретінде пайдаланылады. Жобаның табысты жұмыс жасауы үшін бизнеске Мәскеуден арнайы инженер-технолог тартылады. Бизнес-жоспар сәтті жүзеге асқанда 5 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жылына 55 тонна дайын өнім шығаруға қуатты.