БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай еліміздің барлық аймақтарында ауқымды іс-шаралар өткізілмек, деп хабарлады «24 кз».
Президент жарлығымен биыл алғаш рет тойланатын мерекені ұйымдастырып өткізу туралы Алматыда өткен республикалық этно-мәдени бірлестіктер басшылары кеңесінде талқыланды. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея. Мереке бірнеше бағытты қамтиды. Халқымыздың «Асар», «Жылу», «Сүйінші» және тағы да басқа дәстүрлері бойынша жан-жақты шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ түрлі қайырымдылық жиындары, көрмелер, кездесулер өткізу көзделіп отыр.
Ералы Тоғжанов, ҚХА төрағасының орынбасары:
- Бұл мереке – тек қазақ халқына алғыс айту, түрлі этностардың өзара сыйластығы ғана емес, бұл әрқайсысымыздың бір-бірімізге деген құрметіміз, отбасындағы түсіністік, жас ұрпақтың ата-аналарына, үлкенге деген құрметі, яғни бұл – бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан барша адамдарды жақындастыруға бағытталған мереке. Көптеген ұлт өкілі бірлікте, татулықта күн кешіп жатқан біздің мемлекет үшін бұл әсіресе маңызды күн болады деп есептейміз.