ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҰСАҚ ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі он облыста ұсақ тауарлы өндіріс орындарына 10 млрд. теңге бағыттайды. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова үкімет отырысында мәлімдеді.
- Шағын несиемен қамтуға 20 млрд. теңге бөлінеді: оның 10 млрд.-ы – жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, қалғаны ұсақ тауарлы өндіріс орындары бойынша жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Пилотты бес облыс анықталды. Олар – Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан, - деді Т.Дүйсенова.
Қазіргі кезде 1706 жоба жарияланды. Мал шаруашылығы саласында мал жемдейтін алаңдар, шағын құс фермалары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларына басымдық беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес минситрлік қосымша 63 млрд. теңге бөледі. Шағын несиелеуден бөлек бұл қаржы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды жөндеуге жұмсалады.