БЕЛЬГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ВЕЛО-РАЛЛИТУРЛАР ӨТКІЗЕДІ
«Байқоңыр» кешеніне туристік саяхат ұйымдастырушы ретінде 7 қазақстандық туроператор таңдап алынды. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің ОКО брифингінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Мирас Төлебаев мәлімдеді.
Мұндай құқық «Роскосмос» өткізген конкурстық іріктеу нәтижесінде облыс әкімдігінің келісімімен беріледі. Одан бөлек, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралі бойында 7 қызмет көрсету кешені ашылды.
Сыр өңірін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындау шеңберінде ЖОО студенттері, ағылшын тілін меңгергендер арасынан еріктілер тізімі түзілді. Қала көшелерінде 26 билборд қойылып, сувенирлер жасайтын жергілікті қолөнершілерге арнап оқыту семинарлары өткізілді.
- Облыс аумағында вело-раллитурлар өткізгісі келетін бельгиялық компаниямен, туристік пойыз ұйымдастырып, елордаға апаратын Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Байқоңыр туристік теміржол маршрутына қызмет көрсетуші «Тұран Экспресс» ЖШС-мен келісімшарттар жасалды, - деді Мирас Төлебаев.
Назерке САНИЯЗОВА