МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІНІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті, Қызылорда қаласы әкімі аппараты қалалық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, азаматтық қоғам институттары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет жаңа моделінің концепциясы» тақырыбында семинар өтті.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Ержан Қарымсақов семинардың мақсаты – ағымдағы жылдан бастап күшіне енген мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты бағыттарын түсіндіру екендігін айтты.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен 5 институттық реформаны іске асыру үшін «100 нақты қадам» айқындалған болатын. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған бірінші реформа, мемлекеттік қызметті жаңғыртуға негізделеді. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қабылданған заңдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделекті қызметіндегі басты нұсқаулығына айналуы тиіс», - деді Е.Қарымсақов.
Бұдан кейін сөз Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаевқа беріліп, ол мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің жаңалықтарына толығырақ тоқталды.
Сонымен қатар, Департаменттің Басқарма басшылары Ғ.Ілкібаев және А.Батырбаевпен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының басты бағыттары түсіндірілді.
Сөйтіп, жаңа реформа нәтижесінде мемлекеттік қызметке әрбір кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау үшін жаңа сынақтар енгізіледі. Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейтіледі. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады.
Өңірдің мемлекеттік қызметшілер семинарды қорытындылау барысында Елбасымен белгіленген бес институттық реформаны жүзеге асыру үлкен және түбегейлі өзгерістерге бағытталғанын, Қазақстан халқына адал және тиімді қызмет етуге бағдарланған жаңа кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды көздейтіндігін атап өтті.