ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАСТАРДЫҢ YVISION-ДЕГІ ЖАЗБАЛАРЫН ОҚИДЫ
Қызылорда облысының әкімі жастардың Yvision-дегі жазбаларын тұрақты түрде оқып тұрады. Бұл туралы Facebook қолданушылары Рустам Маушев пен Ерлан Мұсаев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BNews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, жастар Yvision-де қалада жаяужол көшелерін – Арбатты қайта ашу қажеттігі туралы пост жариялаған болатын.
Қырымбек Көшербаев халықпен есеп беру кездесуінде Ерлан Мұсаевқа үн қатты: «Ерлан, мен сіздің барлық жазбаңызды оқып тұрамын, маған облыс пен қалаға қатысты материалдарды күн сайын әкеліп тұрады. Арбат жайында айтар болсам, жаяужол көшелерін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін мен жақсы білемін, бұл салада тәжірибем бар. Арбатты ашамыз деп ойлаймын. Алаңдама, бәрін жасаймыз», - деді өңір басшысы.
«Сыр – алаштың анасы» экспедициясына қатысты да айта өтейін: бұл жоба өте қажет! Сені толық қолдаймын, оның үстіне Роскосмоспен «Байқоңыр» ғарыш айлағы маңында туризмді дамыту туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізіп отырмыз. Бір амалын табатынымызға сенімдімін», - деп түйіндеді Қ.Көшербаев.