САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия Қызылорда облысы бойынша филиалының жетекшісі Мақсұт Досжанов брифинг өткізді.
Сайлаудың әділ және ашық өтуіне ықпал ететін комиссия филиалы жұмысын енді бастады. Осы күні байқаушылар тізімі жасақталуда. Бұл қатарға ең белсенді, жауапты, қоғамдық дамуға өзіндік үлес қоса алатын азаматтар тартылады.
- 20 наурызда, яғни дауыс беру күні барлық сайлау учаскесінде комиссия өкілдері тиісті жұмыс атқарады. Байқаушылар электоралды үдерістің әділ және ашық өтуін қамтамасыз етуін қадағалайды. Заңсыздықтарға жол бермеу бағытында жұмыс жасайды, - деді Мақсұт Досжанов.
Көп ұзамай комиссия мүшелері аудандарда байқаушыларға арнап оқу семинарларын өткізбек. Сайлауға дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде үгіт-насихат материалдарын елеп-екшейді.