БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында БАҚ басшыларымен сайлауды ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру ережесін сақтау мәселелері жөнінде семинар болды, - деп жазады election.kz.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.Фоос қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.
Ортсайлауком мүшесі Л.Сүлеймен негізгі баяндама жасады. Атап айтқанда, ол бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін электораттық кезеңдегі БАҚ қызметін ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамасының ережелері, партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары туралы ақпараттандырып, сайлау науқаны барысын жариялаудың негізгі қағидаларына көңіл бөлді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары партиялар мен кандидаттардың сайлау науқанын объективті көрсетуді жүзеге асырып, БАҚ-қа тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті екені атап өтілді.
«Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде БАҚ қызметін реттеу – сайлау процесінің ашықтығын, жариялығын және әділдігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады» - деп атап өтті Ортсайлауком мүшесі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Төрағасы Т.Қазанғап өкілетті органның қызметі туралы айтты, сондай-ақ БАҚ-тың сайлау процесіндегі және қоғамды оның барысы туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаменті Басшысының орынбасары Н.Сүйіндіков үгіт жүргізу науқанын құқықтық реттеу мәселелерін айқындап берді, сондай-ақ аталған мәселе бойынша құқыққолдану тәжірибесі туралы айтты.
Әсіресе, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі жасағаны және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленгені атап өтілді, ал сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу әкімшілік жауапкершілікке: кандидаттарды тіркеуден бас тарту немесе тіркелгені туралы шешімді жоюға әкеп соқтырады.
Пікір алмасу барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын тиімді қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат өкілдері сайлау науқанын немесе сайлау алдындағы үгітті жүргізуді жариялауда Сайлау туралы заңның талаптарын бұзушылықтарды айқындау және болдырмау жолдары мен әдістері тәжірибелік үлгілерде қаралды.
Бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері БАҚ-тың сайлау органдарымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтып, сайлау заңнамасының БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларын іске асыру әдістерін талқылады.