ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыс активінің отырысында Қырымбек Көшербаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысын таныстырды. Жаңа қызметке ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығымен, облыс әкімінің келісімі арқылы Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева тағайындалды. Актив отырысына министрліктің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов қатысты.
Жазира Жылқышиева 1970 жылы 30 тамызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетінің физика және тәрбие ісі жөніндегі әдіскері бөліміне оқуға түскен. Еңбек жолын 1992 жылы жоғары сыныптарға физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2001 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына бас маманы ретінде бастаған. 2005 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымына ауысқан. 2005 жылы «Болашақ» университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды. 2005 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2007 жылдың 19 сәуірінен 2007 жылдың 7 қарашасына дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.
2007 жылдың 7 қарашасынан 2011 жылдың 8 маусымына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылдың 8 маусымынан 2015 жылдың 8 қыркүйегіне дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2015 жылы 8 қыркүйекте Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Облыс әкімі Ж.Жылқышиеваның жаңа қызметіне сәттілік тілеп, «Алғыс хат» тапсырды.