«ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН» ЖОЛЫНДАҒЫ УЧАСКЕЛЕРДІ ҚАЙТА САЛУ 2017-2019 ЖЫЛДАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
«Қазақпарат» ақпараттық агенттік хабарлағандай, «Жезқазған-Қызылорда» жолын қайта салу 2017 жылы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті.
«Шын мәнінде «Қызылорда-Жезқазған» учаскесі қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасына енді. Бүгінде аталған жолды қайта жаңартуға халықаралық қаржылық институттарының қарызын тарту қарастырылуда. Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізгенге дейін қазіргі кезде жолда мерзімді жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлінді. Осы орайда құрылыс жұмыстарына дейін жолда қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі. Автожолдағы қайта жаңарту шаралары 2017-2019 жылдар кезеңінде жүргізіледі деп жоспарлануда», - деді А. Беков.