BEELINE ҚАЗАҚСТАН АБОНЕНТТЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫ САНДЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР SIM-КАРТАЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ
Beeline Қазақстан Астанада және Алматыда, электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) жазуға арналған SIM-карталардың сатылуы басталғанын хабарлайды.
SIM-картада ЭСҚ-ның болуы қазақстандықтарға Қазақстанның мобильді үкіметі мен www.egov.kz электронды үкімет порталы ұсынатын анықтамаларды және қызметті алу мүмкіндігін береді.
«Мобильді ЭСҚ-ның басты артықшылығы – оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы және қауіпсіздігі, себебі оны SIM-картадан ешкім көшіре алмайды немесе жоя алмайды. Beeline Қазақстан абоненттері ұялы телефонның кез келген үлгісімен электронды қызметтерді алу өтінішіне қол қоя алады», - деп ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қызметтерді автоматтандыру басқармасының жетекшісі Әсет Уаисов атап өтті.
Оған қоса, смартфон қолданушылар мемлекеттік қызметтерді, бүгінгі сәтте iOS және Android платформаларында жұмыс істейтін «Egov» қосымшасы арқылы ала алады, ал қарапайым батырмалы телефон иелері ақпаратты SMS-сауал жолдау арқылы алса болады.
Бүгінгі таңда «Egov» мобильді қосымшасы арқылы қазақстандықтар 80-астам әртүрлі қызметтерге қол жеткізе алады, олардың 30-астамын алу үшін ЭСҚ қажет. Олардың ішінде: мекенжай анықтамасын алу, жылжымайтын мүлігі бар немесе жоқ екені туралы анықтама алу және зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу бар.
«Біз өз клиенттерімізге мол мүмкіндіктер беріп, оладың өмірінің сапасын жақсартуға тырысамыз. Енді клиенттерімзге, электронды сандық қолтаңбасы бар SIM-картамен өз смартфонының экранынан көптеген мәселелерді шешу мүмкіндігі ашылғанына өте қуаныштымын», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойымен бөлісті.
ЭСҚ жазуға болатын Beeline Қазақстан SIM-картасының құны 1500 теңгені құрайды, оның 200 теңгесі абоненттің теңгеріміне аударылады. Егер абонентте Beeline Қазақстан SIM-картасы болса, ол оны криптаплеті бар SIM-картаға ауыстыра алады. SIM-картаны ауыстыру құны 1300 теңге. MNP қызметі арқылы басқа оператордан Beeline-ға ауысқан абоненттер әзірге SIM-картадағы ЭСҚ-ға қол жеткізе алмайтынын айта кету керек.
ЭСҚ жазуға болатын Beeline Қазақстан SIM-картасын Сату және қызмет көрсетудің ашық кеңселерінен, «Азбука Связи» салондарынан, www.beeline.kz сайтында көрсетілген, Beeline монобрендті желісінің дилерлік сату нүктелерінен алуға болады.