ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 396 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов, хатшысы Аягөз Сырлыбаева және комиссия мүшесі Қожамжар Наурызбаев облыстағы ақпарат құралдарының редакторларымен кездесіп, сайлау кампаниясы жөнінде ауқымды ақпарат берді.
2016 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Қызылорда облысында мәслихат депутаттығына барлығы 396 кандидат ұсынылды. Олардың 64-і – облыстық, 289-ы – аудандық, 43-і – қалалық мәслихатқа.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, үміткерлердің орташа жасы – 44-те, барлығы – қазақ. Ер адамдардың үлес салмағы – 78, ал әйелдер – 22 пайыз. Үміткерлердің 316-сы өзін-өзі ұсынған, 1-еуі – «Жасыма, алға ұмтыл!» мүмкіндігі шектеулі балалар» қоғамдық бірлестігі тарапынан. Қалғандарын саяси партиялар ұсынған. Басым көпшілігі – Қызылорда қаласынан және жоғары білімді.
Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 19 ақпанға, тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.