САЙЛАУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫ СӨЗ БОЛДЫ
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаевтың брифингі болды, - деп жазады ОСК сайты.
Брифинг барысында М.Сәрсембаев партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары бойынша ҚР ОСК-на 6 партиялық тізім ұсынылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта олардың бесеуін Ортсайлауком тіркеді. Партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жүргізіледі.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну белсенді өтуде. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 12 ақпандағы сағ. 9-00-дегі жағдай бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына барлығы 7885 кандидат ұсынылды.
Олардың 866-сы – облыстық мәслихаттарға, 34-і – астана мәслихатына, 133-і – Алматы қалалық мәслихатына ұсынылды.
Аудандық мәслихаттарға 5403 кандидат, қалалық мәслихаттарға – 1449 кандидат ұсынылды.
Осылайша, бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік қазіргі уақыттың өзінде 2-ден астам адамды құрайды.
Саяси партиялар 1942 адамды (24,6%), қоғамдық бірлестіктер – 12 адамды (0,2%), 5931 адам (75,2%) өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 40 ұлттың өкілдері бар, 71,4%-ы – ер адамдар, 28,6%-ы - әйел адамдар. 72,3% - ның жоғары білім бар. Орташа жасы – 43 жас.
Кәсіп түрі бойынша: әкімдіктер мен мәслихаттар қызметкерлері - 255 адам (3,2%), мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлері - 3653 адам (46,3%), коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері – 3384 адам (42,9%), саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның өкілдері – 135 адам (1,7%), зейнеткерлер – 60 адам (0,8%), жұмыссыздар – 202 адам (2,6%), 5 адам (0,1%) жұмыс орнын көрсетпеді.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына 1096 кандидатты тіркеді.