ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ – АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЛОКОМОТИВІ
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында есеп берді. Жылды қорытындылау жиынына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Алдымен қалалық жергілікті полициясы қызметінің басшысы, подполковник Қуаныш Шүкіров есеп берді. Оның айтуынша, жаңа жылдан өз жұмысын бастаған жергілікті полиция тиімділігін көрсетіп отыр.
Ал шаһар басшысы облыс орталығында жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жыл ішінде жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі азайды. Мемлекеттік бағдарламалар орындалуы, әлеуметтік-экономикалық қолдаудың артқандығын салыстырмалы көрсеткіштен анық аңғарылады.
Мәселен, қаланың тайқазаны 90,3 пайызға артқан. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 127 млрд. 341 млн. теңгені құрап, облысқа салынған барлық инвестицияның 54 пайызын құрады. Экономикалық қиындықтарға қарамастан Қызылордада инфрақұрылымды жаңғырту, таза ауыз суға көшу, сол жағалаумен байланыстыратын көпірдің құрылысы секілді ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асуда.
Қала халқы үшін ең маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 21 млрд. 600 млн. теңгені құрады. Өткен жылы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 190 мың шаршы метрді құрайтын 2 мың 684 пәтерлік 52 көпқабатты тұрғын үй салынды. Соңғы үш жылда Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөілініп, бүгінде шаһар халқы толықтай таза ауыз сумен қамтылып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызға жетті. Соңғы 3 жыл ішінде қаламызда 13 млрд. теңгеден астам қаржыға ұзындығы 300 шақырымға жуық жолдар орташа, күрделі және қайта жаңғыртудан өтті.
Тұрғындар есепті кездесуде өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барлық сұрақтарға жауап беріп, мәселелер кезең-кезңімен шешімін табатындығын жеткізді.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев Елбасының тапсырмасына сәйкес құрылысы басталған әлеуметтік нысандарды сапалы, уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырып, жыл бойы атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.
- Соңғы үш жылда облыс орталығын дамытуға 180 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ондаған инвестициялық жобалар жасақталып, жүзеге асырылуда. Осы аралықта сол жағалаудың бас жоспары жасақталып, шыны зауыты құырылысы жүргізілуде. Үш жыл бұрын жұмысымызды бастағанда қаланың инженерлік-коммуникациялар желілерінің 75 пайызы тозығы жеткен еді. Қазір әріптестік аясында Еуропалық қайта құру және даму банкімен оларды қайта жаңғырттық. Жақында ел Үкіметі Қызылорда қаласында қуаттылығы 450 мВт бу-газ электр станциясын салу жөнінде шешім қабылданды. Облысымыз даму динамикасы бойынша үздік 3-4 орындарды тұрақты түрде иеленуде. Жұмысымыз осы қарқынмен әрі қарай жалғасады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жиын соңында өз пікірін білдірген облыстық ардагерлер кеңесінің төрғасы Сейілбек Шаухманов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.
Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі