«ҚАЗПОШТА» ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «СЕНІМ» АТТЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІ ІСКЕ ҚОСТЫ
«Қазпошта» АҚ зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға арналған жаңа қызметтің іске қосылғанын хабарлайды.
«Сенім» қызметінің аясында зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін карточкалық шот ашқан әрбір жаңа клиент жыл бойы коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлей алады. Қызмет қолданушысына шот тегін ашылып, карточка үйіне дейін тегін жеткізіледі, деп хабарлайды BNews.kz. Сонымен қатар шотты ашу үшін келісім шартты www.kazpost.kz сайтынан жүктеп, қызмет шарттарымен танысып, қол қойып, бөлімшеге дайын күйде алып келуге болады.
«Клиенттің шотына ақша түскен кезде, клиент SMS-хабарлама қабылдап, өзінің қаражатын бақылауға мүмкіндік алады. Карточкадағы ақшаны «Қазпошта» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ банкоматтарынан және POS-терминалдардан алғанда комиссия есептелмейді» - дейді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің мамандары.
Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ зейнетақы мен жәрдемақыны міндетті санаттағы азаматтарға (ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, 80 жастан асқан зейнеткерлерге және дәрігердің қорытындысы бойынша ауруға шалдыққандарға) үйлеріне дейін тегін жеткізеді, ал басқа азаматтар әрбір жеткізілім үшін 200 теңге төлеп бұл қызметті қолдана алады.