ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша ХҚКО филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында Департамент пен ХҚКО-ның өзара бірлескен іс-шараларды іске асыру жоспары шеңберінде ұйымдастырылды. Семинарға ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.
Департамент қызметкерлері ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асырудағы мәселелер мен Президент Жолдауын түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық басымдылығымен қоса кадр саясатын және азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында іс-шараны өткізу жоғары маңыздылыққа ие екенін айтып өтті.
Іс-шараны аяқтай келе, ХҚКО-ның қызметкерлеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алға мүмкіндік берілді.