БЮДЖЕТТІҢ ҚАУҚАРЫ ЖЕТЕ БЕРМЕЙТІН ЖОБАЛАРҒА БИЗНЕСМЕНДЕР ТАРТЫЛАДЫ
Елімізде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 80 жоба жүзеге асырылмақ. Өңірлерде әлеуметтік нысандарды жеке кəсіпкер әуелі өз қаржысына салады. Ол іске қосылған соң мемлекет 5-10 жыл ішінде жобаның инвестициялық шығындарын қайтарып береді, - деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.
Бюджеттің қауқары жете бермейтін жобаларға қызылордалықтар да бизнесмендерді тартуға ынталы. Облыста апатты мектептер мәселесі мемлекет және жекеменшік әріптестік аясында шешімін таппақ. Қазір аймақта 11 мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Бұл бағытта 4,5 млрд. теңге шамасында жұмсалады.
«2016 жылдың І жартысында құрылысты бастап, жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен 2017 жылы апаттық мектептер мәселесі түбегейлі шешілмек. Жобалық құжаттарына өткен жылы – 18 млн., биыл да сонша бөлінді. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Білім беру нысандарының құрылысын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ерташова.