ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 44-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс 44-ші сессиясы өтті. Онда 15 мәселе қаралып, барлығы дерлік халық қалаулыларының келісімінен өтті, деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Сессияда көтерілген 2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы Қырымбек Көшербаев кең көлемде тоқталып өтті. Аймақ басшысы өткен жылы облыс көлемінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ ағымдағы жылдың жоспары дағдарысқа қарсы іс-қимылдарға арналғанын жеткізді.
«Бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан, әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржы кемімейді», - деді. Мұнан соң халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдап, бірауыздан бекітті. Мәселелердің барлығы бірлескен отырыста қаралғандықтан, бұл жерде талқылауды қажет етпеді.
Жиын соңында аймақ басшысы алдағы өтетін Сайлауға жұмыла қатысып, әділ өтуіне атсалысуға шақырды.