11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ ӨРТ КЕЗІНДЕ БАУЫРЛАРЫН ҚҰТҚАРУШЫЛАРДАН БҰРЫН СЫРТҚА ШЫҒАРҒАН
Қызылордада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 4 бала иіс тиіп уланып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД-нен Айгүл Нұрманова.
Оқиға бүгін түсте сағат 12-лер шамасында М.Мәметова көшесіндегі №12 үйде болған. Соның алдарынан 5-12 жас аралығындағы 4 бала көмірқышқыл газына уланып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
- Айта кету керек, 11 жастағы Аружан бауырларын өрт сөндірушілер келмей тұрып, сыртқа шығарып үлгерген. Алайда, өзі де зиян шекті. Қазір барлығы ауруханада, - дейді Айгүл Нұрманова.
Өртті жоюға Қызылорда облысы ТЖД «ӨСж/еАҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.