«БАСТАУ» ОРТАЛЫҒЫНДА БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреевтің төрағалығымен Қызылорда қаласының «Бастау» бизнес орталығында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының баспасөз қызметі өзінің «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында хабарлады.
Қызылорда облысы әкімдігімен 2016 жылдың 4 ақпанында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырылуы бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, 54 тармағы облыста шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған.
Осыған сәйкес, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Аквалайн» ЖШС-нің директоры Ғ.Жақсылықов бизнес-омбудсмендердің негізгі қызметі кәсіпкерлік ортаны нығайту, әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік сатып алу механизмдерін жетілдіру екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының бастамасын жүзеге асыруда мемлекетте «Бәсекелестік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» атты бағдарламасы іске асырылуда. Іріктеуден өткен кәсіпорындар үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін қаржылай көмек, сондай-ақ банкаралық несиелеу, лизингтік келісімді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиені кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, инновацияға арналған гранттар алу қолжетімді болады. Іріктелген компаниялар «McKinsey&Company» (Мак Кенсей Компани) компаниясымен ынтымақтастықта консалтингтік қолдау алуға мүмкіндігі бар.
Қатысушылар облыста басқару бойынша тәжірибе алмасып, басқару консалтинг саласында қызмет көрсететін жетекші халықаралық компанияның тәжірибелік ұсынымдарымен таныса алады.