«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУДІ БАСТАДЫ
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Қызылорда филиалы биылғы 8 ақпаннан бастап салымшылармен өтемақы төлеу жөнінде қосымша келісімдер жасауды бастады. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде филиал директоры Әділжан Сәулебаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өтемақы жинақ сомасының мөлшеріне қарамастан, тіпті, заемшыларға да беріледі. Өтемақы коэффициенті – 35,5 пайыз: 2016 жылы – 19,2, 2017 жылы – 16,3 пайыз қосылады.
- Бұл жұмыстар салымшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Өтемақы төлеуге банк соңғы 5 жылдағы табысын жұмсайды. Өз кезегінде мемлекет резервті бюджеттен де қаржы бөледі. Қазіргі күні штаттан тыс 43 кеңесшіміз облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істеуде, - деді Әділжан Сәулебаев.
Өтемақы алу үшін www.egov.kz үкімет порталында немесе банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында қосымша келісімшарт үшін өтініш толтыру керек. Арыз қабылдау 1 маусымға дейін жалғасады.