ҚР ІІМ-НІҢ РЕСМИ ВЕБ-ПОРТАЛЫНДАҒЫ «МЕМОРИАЛ» СЕРВИСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді қылу және оларды жадымызда сақтау, олардың отбасыларының тарихын қайта қалпына келтіруге көмек көрсету үшін Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында (http://mvd.gov.kz) әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі құрылды.
2014 жылы ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарынан сот органдарымен ақталған репрессияға ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Германиядан келген бұрынғы КСРО азаматтары туралы іріктелген, трофейлік материалдарды қабылдады.
Мысалы, қуғын–сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Ораз Жандосовтың, Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің және т.б. (мұрағаттық істер Алматы қаласы ІІД мұрағатында) қылмыстық істері қабылданды.
Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мемлекеттік мұрағаттың және оның аумақтық бөліністерінде мұрағаттық сақтауындағы РСФКР ҚК-нің 58-59-баптары бойынша және басқа да одақтас республикалардың ҚК-нің баптарына сәйкес (мемлекеттік қылмыстары мен контрреволюциялық әрекеттері үшін) әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталған адамдардың қылмыстық істерінен алынған мәліметтер қосылды. «Мемориалға» барлығы қуғын-сүргінге ұшыраған 109 мың 186 адамға ақпарат енгізілді.
Тек қана 2015 жылдың өзінде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туыстарынан, ғалым-зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдардан, мұрағаттар мен мемлекеттік органдардан 555 өтініштер мен сұрау салулар келіп түсті, оның ішінде Қазақстан Республикасы бойынша 442 өтініш болса, ТМД-ның бұрынғы республикаларынан 105 және алыс шетелдерден 8 өтініш келіп түскен.
Бұндай мәліметтер туыстарының тағдыры туралы мәліметтер іздеген жүз мыңдаған адамдарға қажет. Сонымен қатар, тарихи ақпаратты толығымен қалпына келтіру үшін ғалымдарға, тарихшыларға, журналистерге қажет.
Ақталған азаматтар, не болмаса олардың өкілдері, қайтыс болған жағдайда олардың туыстары қылмыстық істердің процестік емес сипаттағы құжаттармен танысуға, сондай-ақ істе сақталған қолжазбаларын, фотосуреттерін және өзге де жеке құжаттарын немесе олардың көшірмелерін алуға құқығы бар.
Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік қызметтер көрсетуі шеңберінде мұрағаттық анықтамалар, құжаттардың көшірмелерін, құжаттардан үзінділер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке түпнұсқа құжаттарын немесе олардың көшірмелерін өтініш берушіге немесе олардың сенімді адамдарына береді (сенімді адамдардың жеке басын растайтын құжаттарды көрсеткеннен кейін, сондай-ақ нотариалды расталған сенімхаттан кейін. Мұрағаттық қылмыстық істермен танысқан адамдардан танысқаны және істегі адамдарға және оның жақындарына қатысты заңды мүдделері мен құқықтық залалға мәліметтерді пайдалануға тыйым салуы туралы міндетті түрде жазбаша қолхат алынады).
Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі