ЕХРО-2017 КӨРМЕСІНІҢ ПАВИЛЬОНДАРЫ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің барлық павильоны 1 қарашадан бастап тапсырылуы тиіс.
Қалалық әкімдікте жиын өткізген ұлттық компания төрағасы осылай деп мәлім етті. Ахметжан Есімовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп, Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда. Бүгінге дейін 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым елордада өтетін халықаралық көрмеге қатысатындықтарын ресми түрде растаған. Ал ел үшін мәні мен маңызы зор шара аясында серіктестік танытуға 50-ден астам өтініш түскен.