МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Қарымсақов, департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев, баспасөз мәжілісін өткізді.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бұл жылды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен Министрлік басшылығының нақты тапсырмалары негізінде бастап отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жаңа арманмен аяқ бастық. Ал, осы Ұлы арманға қол жеткізу үшін біздің алдымызда бес институттық реформаны жүзеге асыру міндеті тұрғандығы белгілі.
Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялап, Елбасының Жарлығымен «Мемлекеттік қызметі ту¬ра¬лы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының ережесі регламенттелген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданды. Ендігі кезек¬те мемлекеттік қызметшілер тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаларға айналуы тиіс.
Жоғарыда айтып өткен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заң үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Яғни, Қазақстанда мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.
Осы заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі бөліктен құралады, оның біріншісі – мөлшері бекітілген негізгі еңбекақы, ал, екінші бөлігі – жұмыс нәтижелері бойынша берілетін бонустардан тұрады. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 2016 жылдан бастап жоғарылады.
Сонымен, жаңа реформа нәтижесінде мемлекеттік қызметке әрбір кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау үшін жаңа сынақтар енгізіледі. Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейтіледі. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады.
Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіре отырып, жемқорлықты азайтуға қол жеткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге талап күшейтілді.
Департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында 2015 жылы атқарған қызметі.
Мемлекеттік қызметті өткеру бойынша:
Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3769 бірлікті құрап отыр: оның 7-і саяси, 14-і «А» корпусы, 3748-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер. Нақты мемлекеттік қызметшілердің саны 3599 адам, бос лауазымдар саны 170.
2015 жылы Қызылорда облысындағы мемлекеттік органдарда 639 (2014 жылы - 593) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс өткізіліп, оған жалпы саны 908 (817) адам қатысты, бір орынға орташа есеппен 1,4 (1,4) адамнан келді. Конкурстар нәтижесінде 378 (372) үміткер жеңімпаз ретінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасты.
2015 жылы Қызылорда облысында 2029 адам (2014 жылы – 1323 адам) тестілеуге қатысып, тестілеудің оң нәтижесін алуына байланысты 639-ы (531) немесе 31,5%-ы (40,1%) тестілеу сертификаттарына ие болған.
Күшіне енген Жаңа Заңда Тестілеу бағдарламасы өзгертілді. Себебі, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға білімі мен біліктілігіне сәйкес келетін мамандар көп болғанымен, тестілеу сатысынан өте алмай қалатын азаматтар саны көңіл көншітпейді. Осы ретте, тестілеудің шекті деңгейі 8-ден 5-ке төмендетілді.
Өңірлік оқу орталығында біліктілігін арттыру курстарынан облыстағы мемлекеттік органдардың 489 мемлекеттік қызметшісі өтсе, қайта даярлау курстарынан 143 мемлекеттік қызметшісі өткен.
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы қызметі бойынша:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсаттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда басты рөл алдын алу шараларына берілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни профилактикалық қызмет бойынша 2015 жылы Департаментпен облыс аумағында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен 408 семинарлар, тәжірибелі конференция, «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды рөл атқарады.
Орта, арнаулы және жоғарғы оқу орындарының білім-тәрбие жоспарларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұжырымдамасы» енгізілді.
Талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау бойынша:
Департаментпен 2015 жылы 45 мемлекеттік органдардың қызметтерінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтауға байланысты талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау барысында мемлекеттік органдардың қызметтерінде негізгі мәселелер орын алғаны анықталды. Мысалы, қызмет тұтынушылардан стандартта көрсетілмеген құжаттарды сұратулар немесе стандартқа сәйкес құжаттарды толық сұратпай тиісті қызметтер көрсеткендігі.
Талдау нәтижесімен мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жою, сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендету үшін 165 ұсынымдар жолданды. Жолданған ұсыныстар негізінде, мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау бағытында тиісті шаралар қабылдап, өз қызметтеріне немқұрайлық танытқан 29 қызметшіге тәртіптік жаза қолданды.
Тәртіптік кеңесімен 2015 жылдың 12 айында өткізілген 15 отырыста қаралған барлығы 109 мәселенің 95-і тәртіптік істер болса, 11 мәселемен мемлекеттік органдар басшыларының есептері тындалды.
Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен берілген ұсыныстар негізінде 39 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.
(анықтама: оның ішінде 5-не «ескерту», 2-не «сөгіс», 19-на «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 3-не «лауазымын төмендету» түріндегі тәртіптік жаза қолданылса, 10-ы атқарып отырған лауазымынан босатылды).
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша:
Департаменттің 2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнама талаптарының сапасына жүргізілген 24 тексерулердің 8-і жоспарлы, 16-сы жоспардан тыс тексерулер болды.
Тексерулер нәтижесімен 13875 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптары бұзылғаны (11131 жағдайда көрсетілген қызметтердің мерзімдері сақталмағаны, 20 қызмет стандарт пен регламенттерде көзделген құжаттардың толықтығы болмағанына қарамастан, көрсетілгені, 2513 жағдайда заңнамамен көзделмеген құжаттарды талап еткен) анықталған.
Анықталған жайлар бойынша енгізілген ұсыныстар нәтижесімен 29 қызметкерге тәртіптік жазалар қолданылса, оның 17-не «ескерту», 6 - «сөгіс», 5 - «қатаң сөгіс», 1 – «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілген.
Сондай-ақ Департамент жанында құрылған Қоғамдық кеңеспен 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері туралы 5 отырыс өткізілді.
Қоғамдық кеңеспен енгізілген ұсыныстар бойынша сапасыз көрсетілген қызметтер саны 268-ден 39-ға, көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылу жайы 1787-ден 427-ге азайғанын көрсетеді.
Департаменттің баспасөз қызметі