ҚАЗАҚСТАНДА 1 НАУРЫЗДАН БАСТАП "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыс істейді, оған мемлекеттік төрт кәсіпорын біріктіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР Үкіметінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы қаулысы 2016 жылдың 1 наурызында күшіне енеді.
Мемлекеттік корпорацияға "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" және "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" кіреді.
"Корпорация біріктіріліп отырған кәсіпорындар қаражатынан қаржыландырылады. Республикалық бюджеттен қосымша қаражат алынбайды", - деді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдері.
Қазақстандықтар осылайша таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, үзіліссіз қызмет ала алады.