ШЫМКЕНТ-ҚЫЗЫЛОРДА КҮРЕ ЖОЛЫ ДА АҚЫЛЫ БОЛАДЫ
Елімізде ақылы жолдар көбеймек. Бурабай тас жолынан кейін Қазақстанда Шымкент-Қызылорда күре жолы да ақылы негізге көшпек, - деп хабарлады «31 арна» тілшісі.
Енді жүргізушілер арнайы терминалға ақша құймайынша жолға шыға алмайды. 2022 жылға дейінгі ақылы жолдар Батыс, Солтүстік аймақтарды қосқанда, жеті мың шақырымды құрайды деген мамандар, түскен қаражаттың біраз бөлігі жолдың қарауына, енді бірі «ҚазАвтоЖол» мекемесіне беріледі деп отыр.
2016 жылдан бастап бірінші сатыда Қызылорда-Шымкент бағытындағы 212 шақырымдай күре жол ақылы негізге көшеді. Алдын ала болжам бойынша бір шақырымға жеңіл көліктер 1 теңге төлейтін болады. Жазға қарай оның жобасы аяқталса, терминалдар мен бағаналар құрылысы басталмақ екен. Егер жоба іске қосылса, мамандар айналаның тазалығы мен жолдың сапасына мемлекеттен ақша алынбас еді дегенді айтады.
«ҚазАвтоЖол» мамандары келесі сатыларда Қызылорданың Арал жағы, ары қарай Ақтөбе мен Солтүстік өңірлердің жеті мың шақырымы 2022 жылға қарай ақылы болатынын айтады. Алайда, ақылы жолдың да азабы жоқ емес көрінеді.
Мысалы, Бурабай тас жолының қыстағы көктайғақ көрінісі ғаламтор пайдаланушылардың жағасын ұстатқан. Ақылы жолдағы аяқ алып жүре алмайтын қатқан мұзда коньки тебуге болады.
Ал ақылы тұрмақ, тас төселген жолдың өзі арманға айналған Жезқазған мен Қызылорда тас жолы жаңбырдан соң езіліп, қара батпаққа айналған. Қарағанды облысындағы күре жолда ауа-райының күрт жылынуы мен нөсерден жүк көліктері батып қалған.
Ал құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс республикалық маңыздағы «Жезқазған-Қызылорда» тас жолын қалыпқа келтіруге Қарағанды мамандары да бір кісідей ат салысуда. 6 бірлік техникадан өзге, шайылған аумақтарды жөндеуге 71 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаржы қажетті құрылыс материалдары мен ауыр техникаға жұмсалмақ. Одан өзге, «Қазавтожол» акционерлік қоғамы жолдың 236-292 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстарына 470 миллион теңге бөлу жағын қарастыруда.