СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӘУЕКЕЛДІГІ ЖОҒАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысында қаржылық құқықбұзушылық 4 млрд.-қа дейін кеміді. Бұл қаржылық мәдениеттің жоғарылағанын көрсетеді, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қамбарбек Мүбәраков.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес тексеру комиссиясы жеке қабылдаулар өткізіп, сенім телефоны арқылы арыз-шағымдар қабылдап, тиісті жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ осы бір қауіпті індетке тәуекелдігі жоғары қызметкерлерді анықтау – басты назарда.
«Бүгінде 4 объект бойынша 5 қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдігі жоғары екені анықталды. Оның 2-уі нақтыланды. Құжаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға жолданды», - деді Қамбарбек Мүбәраков.
Назерке САНИЯЗОВА