СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПКЕРЛІК БАСТАМАСЫН ҚОЛДАУ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжімен әріптестік меморандумына қол қойды.
Меморандум аясында қор мен колледж бірлесіп жаңадан бастау алған «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасын жүзеге асырады. Жоба негізінде студент жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу мен дамытуға бағытталған жұмыстар атқарылады.
Шараның мақсаты – 18 бен 29 жас арасындағы жастардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуларына және дамытуға қолайлы жағдай жасау.
Гуманитарлық колледж – Қызылорда қаласындағы оқу орындары арасында жастар кәсіпкерлігін бастайтын алаң студенттік бизнес-инкубатор ашқан алғашқы оқу орны. Бизнес-инкубатор базасында «Даму» қорының қолдауымен жыл бойы бизнес-тренингтер мен табысты кәсіпкерлермен кездесулер және бизнес-ойындар, сондай-ақ басқа да студенттердің кәсіпкерлік потенциалын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Жобаның сәтті жүзеге асырылуы үшін үздік бизнес-тренерлер мен тәжірибелі кәсіпкерлер арасынан бизнес-эксперттер тартылатын болады.
«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасының сәтті жұмыс жасауы нәтижесінде жас Қызылордалықтардың өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға және соның арқасында жаңа жеке кәсіпкерлік субъектілерін ашып, тұрақты жұмыс орындарын құруға үлкен мүмкіндік туып отыр.