ОСК-ДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
9 ақпанда электораттық науқанның аталған кезеңінің қорытындылары жөніндегі Ортсайлаукомның брифингі өтті.
Ортсайлауком Басшысы Қ. Тұрғанқұлов өзінің сөйлеген сөзінде атап өткендей, «ұсыну жөніндегі барлық іс-шаралар Конституцияға және сайлау заңнамасына толық сәйкестікте өтті».
ҚР ОСК-ға барлығы 6 саяси партияның: «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясының, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының және «Бірлік» Саси Партиясының тізімдері, жалпы саны 234 кандидат ұсынылды.
Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясының, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның және ҚКХП-ның партиялық тізімдері тіркелді.
Олардың құрамында 10 ұлттың өкілдері бар 203 кандидат қамтылған. Тіркелген кандидаттардың 80%-ы - ер адамдар және 20 %-ы - әйел адамдар. 99 %-дан астамының жоғары білімі бар.
Өз партиялық тізімін тіркеген партиялар сайлау қорларына қаражат жинау үшін арнайы шоттарды ашу жөнінде жұмыс жүргізуде. Осымен қатар саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу жүргізілуде.
ЖСДП және «Бірлік» СП-ның тізімдеріне ензіліген кандидаттарға қатысты қазіргі уақытта олардың Конституцияның және сайлау туралы заңның талаптарына сәйкестігін тексеру жалғастырылуда.
Брифинг барысында Ортсайлауком Төрағасы сондай-ақ БАҚ өкілдерін ҚР ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларының өткен кезеңде сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту жөніндегі жұмыс шеңберінде, жалпы алғанда 407 семинар, кеңес, тренинг өткізгені туралы ақпараттандырды.
Сайлау процесіне облыс, қала және аудан деңгейінде барлық қатысушылар үшін тағы 573 семинар өткізу жоспарлануда.
Жуық арада ҚР ОСК үгіт науқанын өткізу мәселелері жөнінде екі семинар ұйымдастырады: біреуі – республикалық БАҚ басшылары үшін; екіншісі – сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдері үшін.
Сондай-ақ Ортсайлауком Төрағасы электораттық науқан басталғаннан бері ҚР ОСК-ға жеке және заңды тұлғалардан 25 өтініш келіп түскенін атап өтті.
Олардың 52%-ы - Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнінде, 48%-ы - мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде болды.
Сонымен қатар, Ортсайлаукомның электрондық мекенжайына 10 өтініш жолданған. Олардың 9-ы сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіру талап етілсе, тағы біреуі сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты болды.
Барлық өтініш иелеріне уақтылы жауаптар қайтарылды.
Брифинг соңында Қ. Тұрғанқұлов мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысы туралы ақпаратты ұсына отырып, жергілікті өкілді билік органдарына дауысқа түсетін азаматтардың жоғары белсенділігін атап өтті.
Сайлау науқанының алғашқы 20 күні 2012 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда ол екі еседен астам көбейді.
8 ақпандағы сағат 19.00-дегі жағдайдағы мәліметтер бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 4870 кандидат ұсынылды.
Олардың 581-і – облыстық мәслихаттарға, 21-і – астана мәслихатына, 95-і – Алматы қаласының мәслихатына.
Аудандық мәслихаттарға 3244 кандидат, қалалық мәслихаттарға – 929 кандидат ұсынылды.
Кандидаттардың 69%-ы – ер адамдар, 31%-ы әйел адамдар. 66%-ының жоғары білімі бар.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына 568 кандидатты тіркеді.