ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА АЛҒАШҚЫ ҮМІТКЕРЛЕР ТІРКЕЛДІ
Қызылордада қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер ресми тіркеуден өтті. Мұратбек Нұржанов пен Талғат Құлмағанбетов - екеуі де өзін-өзі ұсынған жергілікті азаматтар, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі.
Біреуі - «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, екіншісі - кәсіпкер. Мұратбек Нұржановтың мамандығы тарихшы, 8 жылдай имам болған. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында қоғамдағы тұрақтылық, төзімділік пен рухани келісімге басымдық берген. Бүгін ол нөмірі 14-ші сайлау учаскесіне кандидат ретінде тіркелді. Екіншісі - жергілікті кәсіпкер Талғат Құлмағанбетов -тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуді көздейді.