ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА
Қызылордада су тасқынының алдын алуға байланысты облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр, деп «24 кз» хабарлады.
Апаттық-құтқару қызметі өзен бойындағы қаупі жоғары аумақтарды қадағалап, дайындықтарын пысықтау үстінде. Дарияның теңізге құяр сағасына жақын орналасқан Қазалы ауданында 74 техника мен 227 жеке құрам қызметкері кезкелген оқыс жағдайға дайын тұр. Апат бола қалса, тұрғындарды көшіретін 100-ден астам бекет әзірленді. Қазалы ауданы бойынша №170 және №165 орта мектептер эвакуациялық жинақтау және қабылдау орындары болып бекітілді. Кезекшілер қауіпті аймақтан көшірілген тұрғындарды тіркеуге алып, санаттары бойынша орналастыру жұмыстарын жүргізді. Қабылдау бекеттері ана мен бала, медициналық көмек көрсету, оқшаулау, психологиялық көмек көрсету, саяси-мәдени ақпараттандыру, қарттар мен мүгедек жандар бөлмелерімен қамтылған.
Саид Молдақараев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
- Жаңақорған, Шиелі, Қазалы аудандарына өте жоғары деген баға беруге болады. Өйткені бұл аудандарда төтенше жағдай болған кезде басшы-әкімдік, азаматтық қорғау қызметтері жоғары деңгейде екеніне көз жеткіздік. Қалған аудандарда бұрынғыға қарағанда көптеген алға жылжу бар. Өйткені әр бағдарлама бойынша арнайы техника, құрал-саймандар алынған. Сол бойынша Сырдария бойында болған төтенше жағдайды жоюға облыс дайын.