«ҚАЗАҚ АРУЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
"Қазақ Аруы" байқауының қатысушылары таныстырылды. Конкурстың финалы Астанада 22 наурызда өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Финалға еліміздің қалаларынан 16-25 жас аралығындағы 20 ару өтті. Олардың арасында Қызылорда облысынан 18 жастағы Арайлым Әкімәлі де бар. Бұл конкурсқа қатысудың негізгі талабы – ұлттық дәстүр мен қазақ тілін білу. Қазіргі уақытта қыздар белсенді дайындық үстінде. Ақтық сында олар бірнеше кезеңнен өтеді - таныстырылым, қыздардың қазақстандық дизайнерлердің киімдерін киіп шығатын жыл сайынғы дефилесі, сұрақтар конкурсы және дарындар конкурсы.
Еске салайық, 2015 жылы "Қазақ Аруы-2015" байқауын Қарағанды облысының атынан шыққан Кәмшат Қоскелова жеңіп алған еді. Ал оған дейін маңғыстаулық ару Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын, қазіргі уақытта ол танымал тележүргізуші әрі актриса.