ҚР ОСК КОММУНИСТІК ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРЫН ТІРКЕДІ
Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Қазақстан Коммунистік халық партиясының Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялық тізімі толық тіркелді, - деп жазады «Қазақпарат».
«Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Коммунистік халық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша Қазақстан Коммунистік халық партиясының партиялық тізімі тіркеледі. Тізім бойынша тіркелген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәлік берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
Оның атап өтуінше, партиялық тізімге енгізілген азаматтардың ҚР-ның «Сайлау туралы» заңнамасына сәйкестігі еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасы арқылы тексерілген. Аталған ведомстволар берген ақпараттарға сәйкес, партиялық тізімдегі азаматтардың барлығының да заңға сәйкестігі анықталды. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы және мүлкі туралы декларациялары салық органдарының анықтамаларымен расталды.
«Партиялық тізімді тіркеу туралы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. «Қазақстан Коммунистік халық партиясының атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін», - деп қосты комиссия хатшысы.
Осыдан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері сәйкесінше қаулыны бірауыздан қабылдады.
Айта кетейік, 8 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға 6 партиялық тізім ұсынылды.
«Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның және ҚКХП-ның партиялық тізімдері тіркелді.