ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚЫСҚАРТПАУ МАҚСАТЫНДА ӨҢІРДЕГІ 200-ГЕ ЖУЫҚ ІРІ КОМПАНИЯМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық кәсіподақ орталығы жергілікті ірі 190 компаниямен меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде мұнай, құрылыс, сервистік қызмет көрсететін бұл мекемелер жұмыс орындарын қысқартпауға міндетті.
Аймақ экономикасының 65% мұнай саласына тәуелді. Сондықтан жиын барысында әсіресе мұнай компанияларындағы жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесі қаралды.
Облыстағы мұнай компаниялары мен сервистік қызмет көрсету мекемелерінде 29 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Орта есеппен бір отбасында 5 адам бар десек, 150 мың сырбойылықтың ахуалы мұнай компанияларының жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан осындай қиын уақытта олардың жұмыс орындарын сақтап қалу үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бар мүмкіндікті пайдалану қажеттігін айтты.
- Біз мұнайшыларға бүгінгі жағдайға бейімделіп, қазіргі нарықта сұранысқа ие экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсетуге бет бұруды ұсынамыз. Біздің негізгі мақсатымыз – жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу. Қазіргідей қиын кезеңде бәлкім қызметкерлердің жалақысы мен уақыты қысқаруы мүмкін, бірақ жұмыс орындары сақталуы керек, - деді аймақ басшысы.
Аймақтағы ірі мекемелердің барлығы бұл ұсынысты қолдап, келісімге қол қойды. Бұл құжат қатаң бақылауда болады.