ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігі жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасарлары тағайындалды.
Ержан Қарымсақов ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында қызмет атқарған. Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында қызмет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында жауапты қызметтерде болған.
Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалған Берікбол Байхожаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасындағы еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2014-2015 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал кешеге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде басқарма басшысы лауазымын атқарды.