ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІКТІ БЕРУ ҚАЖЕТ - Д.НАЗАРБАЕВА
Қосымша табыс алу үшін біздің мектептерге шаруашылық дербестік беруге болады, деп мәлімдеді ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева, деп жазады primeminister.kz.
«Біз мектептерге үлкен шаруашылық дербестікті беріп, ұйымдаструшылық-құқықтық мәртебені өзгертікміз келеді, сонда мектеп қосымша қызметтер көрсетіп, өзі табыс таба алады», - деді Д.Назарбаева.
Бірақ, сонымен қатар, ол айтып өткендей оқу мекемелеріне корпоративтік менеджментті үйрену қажет.
«Яғни, түскен ақшаны мектеп директоры басқара алмайтын болса, ол үшін мектеп жанындағы қоғамдық кеңестер бар, онда ата-аналар басты рөлде болып, мұғалімдермен бірге шешімдер қабылдайды», - деп түсіндірді вице-премьер.
Ол қосымша қызметтермен мектепте қосымша табыс пайда болатыныны, соның арқасында мектептер жеке жеңіл-желпі мәселелерді шешіп, үздік мұғалімдерді ынталандыра алатынын айтты.
«Бізде осы жүйе болса дейміз», - деп баса айтты вице-премьер.
Д.Назарбаева жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізудің оң тәжірибесіне назар аударды.
«Біз жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуді бастадық. Мәскеудің енгізгеніне бірнеше жыл болды, және нәтиже өте жақсы. Бүгінгі таңда мектептер балаларға тәуелді, олар өзінің штаттық кестелерін, құрылымды қайта қарап, шығындарды оңтайландырады. Олар балалар үшін күреседі», - деп түйіндеді вице-премьер.