СОТТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты» семинар өткізілді.
Семинар жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаеваға сөз кезегін берді.
Кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 санды Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген кодекстегі ерекшеліктерімен таныстырды. Атап айтқанда: бұл кодекс – мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданғанын, Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын, соның ішінде мінез-құлықтың жалпы, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын ерекше атап өтті.
Семинар соңында төраға сот қызметкерлеріне жоғарыда аталған Кодекстің талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі